
«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы 5 елді мекенді табиғи газбен қамту көзделген. Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібекұлымен табиғи газ құрылысы аяқталған 5 елді мекенге (Көлкент ауылдық округіне қарасты Теспе, М.Оразалиев және Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты) табиға газ беру барысымен таныстық.
Ендігі кезекте 11 елді мекенді табиғи газбен қамту міндеті тұр. Оның 2 елді мекенінде газ жүйесі жүргізілген. (Шапырашты, Береке) Табиғи газға қосу Көлкент және Ақсуабад елдерінің табиғи газ желілерінің құрылыс жұмыстарынан кейін беріледі.
Табиғи газ желілерін салу құрылысы басталған елді мекендер саны-5 (Тоған, Таскешу, Ақсуабад, Құтарыс, Қызылжар). Бүгінгі таңда аталған елді мекендердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құтарыс, Қызылжар және Ақсаубад елді мекендерінің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталуы жоспарланған елді мекендер саны-4 (Сарыарық, Көлкент, Ақарыс, Оймауыт). Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелері анықталып, келісім шарт түзілуде. Аталған елді мекендердің құрылыс жұмыстары ағамдағы жылы басталып, 2022 жылға өтпелі.