
Түркістан қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалғанын айтып көрсеткен. Оның айтуынша алыс танысы егер де 100 мың теңге берсең, вахталық жұмысқа тұрғызып беремін деп уәде еткен. Содан арызданушы танысының есепшотына сұраған ақшасын салып жіберген. Алайда танысы не ақшасын бермей, не келісілген уәдесінде тұрмай ізін суытқан.
Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні жергілікті мекенжайынан ұстап басқармаға жеткізді. Ол Сауран ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін, азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді.