Түркістанда қала көшелеріне рейдтік бақылау жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласы әкімдігі «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» басшысы мен Түркістан қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері жол бақылау рейдтік шарасын өткізді.
Шара барысында Н.Оңдасынов, Жүсіп Қыдыр, А.Байтұрсынов және Ә.Қары Нұрмаханова көшелеріндегі және көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальтті жолға зақым келгені анықталды.
Мердігер мекеме ауыз су жүйесін жүргізу барысында көшелердің асфальтті жабындысына зиян келтіріп, олқылықтың орын алуына себепші болған.
Рейдтік аралау барысында Түркістан қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері мердігерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, жолды қайта қалпына келтіруге 15 күн мерзім белгіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *