ТҮЛКІБАС МЕКТЕПТЕРІ ҚЫСҚА ДАЙЫН БА?

Аудан әкімі Нұрлан Байғұт аудан аумағындағы бірнеше орта білім беру мекемелерін арнайы аралап, қысқа дайындығын бақылады.
Аймағымызда күннің күрт салқындауына және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дауылды ескерту жөніндегі хаты негізінде ауданда аудан әкімінің Қаулысына сәйкес, жылыту маусымы 6-шы қазаннан басталды.
Аралау барысында аудан басшысы оқу процессі жүріп жатқан сыныптардың температурасын және ішкі әжетханалардың жағдайын бақылап, мектеп директорларына санитарлық және карантиндік талаптардың қатаң сақталуын тапсырды.
Бала санының артуына байланысты аудан орталығындағы Садықов және Көксағыз ауылындағы Ғұбайдуллин мектептеріне қосымша ғимарат соғылатын орның аралап, аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына тиісті құжаттарын әзірлеуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *