Түркістан облысында «Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елордада VII «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті. Жылда дәстүрлі түрде өткізілетін жиын биыл да екінші мәрте онлайн-форматта өткізілумен ерекшеленіп отыр. Яғни, барлық қатысушылар әскери жиынның ашылу салтанатын тікелей эфирде тамашалады. Аталған жиын 6 қазан мен 30 қараша аралығына дейін жалғасады. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 74 команда 1100-ден астам адам қатысып жатыр.
Бұл додаға Түркістан облысынан 3 команда жіберілді. Арыс қаласынан – «Барыс», Созақ ауданынан – «Теріскей тарландары» және Төлеби ауданынан – «Төлеби тарландары» атты командалар облысымыздың намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар Арыс қаласында өткен іс-шарада Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Н.Дюсебаев, ҚР ҚК ардагерлерлер кеңесінің Түркістан облысы бойынша төрағасы запастағы подполковник Б.Алдабергенов қатысушыларға жеңіс тіледі.
«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл бірегей әскери-патриоттық іс-шара. Мақсаты – елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру.
«Айбын-2021» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар әскери қолданбалы спорт түрлерінен сайыс өткізеді. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері де сынға түседі.
Созақ ауданының «Теріскей тарландары» командасы құрамында сайдың тасындай іріктелген 10 ұл мен 5 қыз қызу әзірлікке кірісіп кетті. Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы онлайн форматтағы жиын өткеннен соң жас сарбаздарды айтулы шарамен құттықтап, команда мүшелеріне жарыс жеңіс, сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *