Қазақстандық әнші «Түркия дауысы» жобасында 4  тәлімгерді   өзіне қаратты

Қазақстандық Мәриям Думан «Түркия даусы» жобасына қатысып, 4 тәлімгерді өзіне қаратты, деп хабарлайды аймақ ақпарат Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

36 жастағы Мәриямның үш баласы бар. “Көрмей тыңдау” кезеңінде Мәриям мексикалық әнші Джульета Венегастың Me Voy әнін шырқады. Оған 4 тәлімгер де бұрылды. Ол түркиялық әнші Мұрат Бозудың командасын таңдады.

«Сәттілік пен қажырлы еңбек. Бұған сене алмаймын. Мен қайта сахнадамын. Әрқайсыңыздың қолдауыңызды сеземін. Рақмет! Өмір кез келген жағдайды қабылдауды үйретті. Армандар орындалады. Бірақ бұл әлі бастамасы ғана», — деп бөлісті Мәриям.

Айта кетейік, Мәриям Думан отандық Super Star kz, X-Factor жобаларына қатысқан. Кейін өзін актриса ретінде сынап көріп, бірнеше телехикаяға түскен. Қазіргі уақытта өнерпаз Түркияда тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *