САЙРАМ: Инфрақұрылым жүйесі жаңаруда

Түркістан облысы Сайрам ауданының Таскешу елді мекеніне газ құбыры тартылуда. Құрылыс жұмыстарын «Казойлсервис» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Жобаның конкурстық құны — 208 871 000 теңгені құрайды. Келісім-шарт бойынша көгілдір отын құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, 300-ден астам тұрғын үй табиғи газға қосылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қасымбек датқа елді мекені Жаңақұрылыс аумағында тұрғын үйлердің жүйесіз көп салынуынан елді мекенде ауыз су тапшылығы бар. Осы мәселені шешу үшін ауданның коммуналдық меншігіндегі су мұнарасы биыл іске қосылады.

Қараусыз қалған мұнараны жөндеп, ретке келтіру мақсатында жергілікті бюджеттен 17,4 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *