Павлодар өңіріне Сайрам ауданынан 8 отбасы қоныс аударды

Елімізде халқы тығыз қоныстанған оңтүстік облыстардың тұрғындарын солтүстік аумақтарға ерікті түрде қоныстандыру «Еңбек» бағдарламасының аясында қолға алынған.

 Павлодар өңіріне Сайрам ауданынан 8 отбасы қоныс аударды.

Бұл игі бастаманы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдары мен жергілікті жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырды.

Жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі Жаңабай Ағабеков тұрғындардың барып-қайтуы үшін өз қаражаты есебінен арнайы көлікпен қамтамасыз етті.

Теріскейге өздерінің жеке шаруашылығын дамытуға бел буған жерлестерімізді аудан әкімдігі, «Nur Otan» партиясының мүшесі, аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Халмурадов пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыровтар шығарып салды.

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында жергілікті тұрғындарды солтүстік өңірлерге қоныстандыру бойынша Түркістан облысы аумағында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жыл көлемінде Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 300-ден астам адам қоныс аударған. Оның ішінде ауданның Ақсу, Қарасу, Қарамұрт, Қарабұлақ және Қайнарбұлақ ауылдарындағы жерлестеріміз де бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *