
Түркістан облысы полиция департаменті ЖПҚ табиғатты қорғау инспекторлары Арыс ауданы аумағында браконьерліктің кезекті дерегін анықтады. Жиделі ауылының маңында жабайы аңдарды заңсыз аулаған күдіктілерді ұстады. Олар бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған Арыс ауданының екі тұрғыны болып шықты. Анықтай келе, күдіктілердің кешкі сағат 22.20-да жайылымдардың бірінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы қоян мен қарақұйрықты атып өлтіргені белгілі болды.
Тексеру кезінде полицейлер күдіктілерден ауланған жануарлардың етін (ұшасын), сондай-ақ тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы мен 1 дана жарықшам тәркіледі. Браконьерлер аудандық полиция бөліміне толық мәнжайды одан әрі тексеру үшін жеткізілді.
Бұл жайт Арыс АПБ-де ҚК 337-бабы 4-бөлігі «заңсыз аң аулау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз аң аулау мен табиғи ресурстарды өндіргені үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.