Созақ:Ел чемпионатынан жүлделі оралған спортшыларға сый-сияпат көрсетілді

Созақ ауданында Ел чемпионатынан жүлделі оралған спортшыларымызға сый-сияпат жасалып, алғыс хаттар табысталды!
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ағымдағы жылдың 28-ші қыркүйегі мен 1-ші қазаны күндері аралығында Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті.
Чемпионаттан жүлделі оралған спортшыларымызды Созақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы қабылдады.
Аталған додаға ауданымыздан 6 спортшы қатысып, 2 спортшымыз жүлделі оралды. Атап айтқанда 60 кг салмақта бағын сынаған Бимахан Нұрдәулет күміс жүлде алып спорт шебері атанса, Елеу Нұрбақыт 55 кг салмақта қола жүлде иемденіп спорт шеберіне үміткерлер қатарына қосылды.
Жетістікке жеткен спортшылардың жаттықтырушысы Созақ аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы, әмбебап жекпе-жек спорт түрінен төреші Қиясбаев Мұхтар Сенбіұлы да мараптқа ие болды.
Спортшыларымызға алдағы уақытта да осындай биік жарыстарда сәттілік тілей келе, жеңістерімен ауданымыздың, еліміздің намысын қорғайды деп сенім білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *