МАҚТААРАЛ:РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

 

Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімі инспекторлары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қызметке балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және панасыз қалуының алдын алу, жастайынан балаларды еңбекке тартып олардың денсаулығына қауіп төндіру, баланың ауыр дене жұмыстарына және еңбек жағдайларына зиян немесе қиын жұмыстарға қабылдауға және тартуға тыйым салынатындығын түсіндіру мақсатында «Бала еңбегін қанауға жол жоқ» атты тақырыпта Мақтаарал ауылдық округінде кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізді. Кездесу барысында мақта науқанына байланысты егін алқаптарында мақта терімге шығуға болмайтындығы, егерде рейд барысында егістік алқаптарында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталған жағдайда олардың ата-аналарына айыппұл салынатындығы, түнгі 22:00 кейін көшелерде, ойын-сауық орталықтарында ата-аналарының қарауынсыз жүрмеуі керектігі түсіндірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *