
Сайрам ауданы әкімі аппаратында «2021 ҚР ұлттық халық санағы» бойынша мәжіліс өтті. Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалық етті. Жиында аудандағы санаққа жәрдемдесу комиссиясының мүшелері, аудандық статистика басқармасының басшысы, адамди әлеуетті дамыту бөлінің қазметкерлері мен аудандық бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Ағымдағы жылдың 1 ші қыркүйегінен бастап елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Халық санағын өткізу тәуелсіздік алғаннан бергі үшінші науқан. Биылғы халық санағының ерекшелігі цифрлық технологияларды қолдануға басымдық берілген.
Бұл жайында толыққанды ақпаратты мәжілісте Сайрам аудандық Стастистика басқармасы басшысы Нұршайықова Бейсенкүл Елеубекқызы баяндады.
«2021 ҚР ұлттық халық санағының» екінші кезеңі, яғни ең негізгі кезеңін ұқыптылықпен, жауапкершілікпен өткізуді айтып, 1-қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн санақты барынша күшейту бойынша аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев айтып өтті. Пандемияға байланысты аудан халқының онлайн санақтан өтуге көп мүмкіншілігі бар.
Нұсқаушы-бақылаушы мен интервьюерлерді оқыту жұмыстары 10 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Айта кетейік, мамандардың айтуынша, халық санағына арналған sanaq.gov.kz сайты тәулік бойы жұмыс істейді.