
«Отандастар» қоры КеАҚ ақпараттық-талдау департаментінің басқарушы директоры Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы бастаған топ ауданға арнайы келді.
Іс-сапар барысында Сайрам ауданындағы «Қандастарды бейімдеу орталығы» КММ-сінде болып, тиісті мекеме қызметкерлерімен және бейімдеу орталығындағы қандастарымызбен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында елімізге көшіп келген қандастарымызға ақпараттық-консультациялық қолдау жұмыстары мен олардың қоғамға интеграциялануына, өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, шетелдегі қазақтарды және елге қоныс аударған қандастардың мәселелері бойынша талдамалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда Сайрам ауданындағы «Қандастарды бейімдеу орталығы» КММ-сі 5 отбасыға қызмет көрсетуде.