
Аудан прокуроры Даулет Тлемисов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің алдын алу, анықтау және болдырмау бағытында жергілікті атқарушы, уәкілетті және құқық қорғау органдары өкілдерінен құрылған мобильді тобымен атқарылып жатқан жұмыстарының тиімділігін талқылау мекемеаралық мәжілісіне төрағалық етті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары Ш. Убайдуллаев, Мадияр Оразалиев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Құралай Шадиева, білім беру мекемелерінің директорлары мен балалардың тәрбиесіне жауапты қызметкерлер, жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Есенов қатысты.
Ауданымызда кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік фактілері де жоқ емес. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Ауданда соңғы жылдары ерте жүктілік деректері тіркелмеген еді.