САЙРАМ: Жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу

Ауданымызда кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік фактілері де жоқ емес. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады.Ауданда соңғы жылдары ерте жүктілік деректері тіркелмеген еді.

Жасөспірімдердің қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу бұл заман талабы. Бүгінде жасөспірімдердің қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, барлығымызды алаңдатуда. Бүгінде жасөспірімдердің қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, барлығымызды алаңдатуда.

Олай деуіміз, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аудан аумағында жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 45 пайызға өскен (2021ж. – 11 қылмыс (ұрлық қылмысы – 8, алаяқтық – 1, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 1, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру – 1) орын алса, 2020ж. – 6 қылмыс болған). Бұл өте жоғары көрсеткіш жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының жасөспірімдер арасындағы профилактикалық жұмыстарды төмендегенін көрсетеді. Білім беру ұйымдарындағы мобильдік топтың жұмысын жандандыруды (мобильдік топ мүшелерін және аудан прокуратурасының жауапты қызметкерін қосу арқылы «Whatsapp» мессенджерінде ортақ чат ашу, адами әлеуетті дамыту бөлімінің жауапты қызметкері мобильдік топ мүшелерінің есеп беру кестесін түзіп, апта сайынғы есептерін тыңдау және т.б.); Мектеп инспекторларының бекітілген мектептерінде және учаскелік инспекторлардың орта арнаулы оқу орындарында болу уақыттарын нақтылау, кесте бойынша жұмыс орындарында мерзімінде болуын қатаң бақылауға алуды; Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, халықтың назарына жеткізулеріңіз қажет. Дер кезінде берілген ақпарат көп түйінді шешеді, -деп қорытындылады аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *