
Әлемді жаулаған індетке байланысты нақты жұмыстар Сайрам ауданында да лайықты түрде жүргізіліп жатыр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап» деген. Міне, осы орайда мемлекет жасап отырған жағдайға мойынсұнып, өз еркімен вакцина алып жатқан жандар да аз емес. Бұл – індеттің алдын алудың бірден бір нақты жолы. Осыған орай ауданда қазір барлық жағдай қарастырылған.
Жалпы, аудан бойынша қазір 7 екпе егу пункті бар. Құрамында білікті мамандар тобы шоғырланған 29 егу бригадасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін жылжымалы 8 бригада ұйымдастырылған. Олар сайрамдықтардың үйлеріне барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өткен.
Сайрам аудандық орталық ауруханасының егу тіректерінде коронавирус COVID-19 инфекциясына қарсы екпе жұмыстарының 2021 жылғы қыркүйектің 30-ындағы жағдай бойынша мәліметі мынадай:
Сайрам ауданында 51251 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған еді. Соның негізінде бүгінгі күнде вакциналаудың бірінші кезеңін 52326 тұрғын алған,яғни жоспарды артық орындаған, ал екінші кезеңде 42791 адамға екпе жасалған. Қазанның 18-іне дейін вакциналаудың екінші кезеңін аяқтаймыз.
Жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген. Бұдан бөлек, ауданда екпе құ-тыларын сақтау-
ға арнайы қойма ұйымдас-тырылған. Онда құтыларды сақтауға және тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар. Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.
Аудан бойынша әлі де түсіндіру- насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дертке дес бермеудің басты амалы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру!
Мен өзім «Спутник-V» вакцинасын алдым, жалпы жағдайым жақсы, ешқандай кері әсер болған жоқ. Вакциналау індетті жеңуге септігін тигізетін бірден-бір құрал екенін ғылым мен уақыт талай дәлелдеген. Вакциналаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі мұқият бақылау мен тәжірибеден өткен.
Вакциналау — пандемиямен күресудің ең тиімді жолы. Бәріміз неғұрлым тез вакцина алсақ, соғұрлым тезірек шектеу шараларынсыз қалыпты өмірге ораламыз.