«Халықаралық зағиптар күніне» орай өткізілген өңірлік «ШамShyraq» фестивалі

Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық арнайы кітапханасы мен аудандық зағиптар қоғамы өңірлік «ШамShyraq» фестивалін ұйымдастырды.

Тағдырдың тауқыметін тартып, көру қабілетінен айрылған жандар ауданда аз емес. Зағип жандарға қамқорлық жасау, оларды қоғамнан шеттетпей, қоғамдық шараларға тарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынған. Соның бірі, Ақсукент ауылы Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық клубында «Халықаралық зағиптар күніне» орай өткізілген өңірлік «ШамShyraq» фестивалі.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында төл мәдениетіміз бен ұлттық әдебиетіміздің ролін арттыру басты бағыт деп атап өтті. Осы бағыттарды негізге ала отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық деңгейін көтеру, оқу мәдениетін дәріптеу, зағип адамдардың рухани, зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, қолайлы жағдайлар жасау мақсатында бүгінгі шара қолға алынды.
Шараға «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлесітігінің өкілдері шақырылды. Қонақтар да өз өнерін ортаға салды.

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы фестивальді ашып, қатысушы өнерпаз балаларға сәттілік тіледі, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *