«ҚАЗАҚ КҮРЕСІ» ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРІ САЙРАМДА ЖАЛҒАСАДЫ

Келес ауданында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен дәстүрлі турнир 58-ші рет ұйымдастырылды. 120 балуан қатысқан жарыста кіл мықтылар анықталды.

31 спортшы «түйе балуан» атағы үшін таласты. Талай-талай буынды спортқа баулып, бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай үлес қосқан бұл жарысты ел арасында «кіші әлем чемпионаты» деп те атаған. Күні бүгінге дейін жарыс маңыздылығын жоғалтпады.
Ұлттық спортты насихаттауда қара шаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің еңбегі өлшеусіз. Келес ауданынан жарыс эстафетасын Сайрам ауданының әкімдігі қабылдап алды.

Келесі турнир 2022 жылы саялы Сайрам жерінде жалғасатын болады. Оңтүстіктің балуандарын анықтайтын халықтық дода осылай жаңғыра бермек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *