САЙРАМ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАРЫСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өңірлік жәрмеңкесі онлайн форматта 2021 жылдың 5 қазан күні сағат 16-00-де ұйымдастырылды.

Онда жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары өз салалары бойынша мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтарға жауап береді.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары тарапынан жарнамаға, жер және ауылшаруашылығы пайдаланысындағы техникаларға, сәулет және құрылыс, тұрғын үй кезегі, көп балалы отбасы ретінде үйге мұқтаж жандарға қатысты сұрақтар қойылды. Әр сауалға қатысты заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *