
Сенбіліктің қоғамның назарын ауланың тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте аудандық ішкі саясат бөлімі мекемесінде 2 қазан күні сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің басты мақсаты – ауланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Сенбілікте орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, ыңғайсыздық тудыратын ағаш бұтақтары қырқылып, аула сыпырылды.
Аудан тазалығы – мәдениеттілік белгісі, баршаңызды санитарлық талаптарды сақтап, ауданымыздың таза болуына атсалысуға шақырамыз.
Арнайы мекеме техникасымен қоқы сыртқы шығарылды, қураған ағаштар бұталанып, артығы отынға жіберілді.
Аудан әкімі Қарасу ауылдық округінде өткен сенбілікке қатысып, Ардагерлер аллеясында тазалық күнін қорытындылады.
Бұндай басқосу-жиын әр сенбіліктен соң жалғасып келеді.Оған тұрғындар да қатысуда .
Сенбілік соңында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшілері, осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары аудан әкімі алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Ауылдық округтердегі тазалық жұмыстарының барысын, қорытындысын баяндады. Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын мәлім етті