
1990 жылғы желтоқсанның 14-інде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қазанның 1-ін «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында бұл күн оны әлемдік дәстүрлі мерекелеу үшін ресми түрде жарияланған мейрам.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — әлеуметтік жағынан аз қорғалған қарт адамдарға, аға буын жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, қайырымдылық көмек көрсету. Бұл күні елімізде ғана емес, дүниежүзінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, білім алушылар мен жастар тарапынан қарияларға арналған алуан түрлі қызықты да танымды жобалар ұйымдастырылады. Игі дәстүрден біздің мекеме де тыс қалған емес.
Қарты бар елдің – қазынасы бар. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КМ мекемесінде 143 жалғызілікті қарт әлеуметтік қызметпен қамтылған. Мүгедектігі бар азаматтарға оңалту бағдарламасына сәйкес, оңалту қызметтері көрсетіледі, тұрғылықты баспанасы жоқ жалғызілікті қарттарды арнайы медициналық әлеуметтік мекемелерге орналасуына жолдамалармен қамтиды. Ауданда қиын жағдайға тап болған жалғызілікті қарттар болса мына мекенжай бойынша хабарласуына болады: Ақсукент ауылы, Алаш, Қыстаубаев көшесі, №8 «А» үй. Телефон: 20-412.
А.Ұзақов,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің басшысы.