САЙРАМ: Діни мәселелер баяндалды

«Ауыл — ел тірегі» жобасы аясында Ақсукент ауылдық округіндегі онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агро-экономикалық колледжінде кездесу өтті.

Колледж студенттері арасында «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Әжібеков, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Сайрам ауданындағы теолог маманы Жанкелді Битанов қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттерден қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру, сонымен қатар, студент жастарды діни сауаттылыққа шақыру, елімізде соңғы кездері діни бағытта қабылданып жатқан заңдармен таныстыру.

Кездесу барысында мамандар діни экстремистік топтардың жастарға әсер ету қаупі туралы баяндамалар оқып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі қоғамымыздағы діни мәселелер туралы толық ақпараттар берілді.

Жиын соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Зульфия Смайлова,

Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *