САЙРАМ: 30 іс-шара ауылға бағытталған

Баршамызға белгілі, биыл тұғырлы Тәуелсіз-дігімізге 30 жыл толды.

Мерейлі жыл аясында аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен өңірде «Ауыл – ел тірегі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында аудан халқы үшін тиімді де қажетті көптеген игі іс қолға алынды.

Мәдениет саласы бойынша 1 мәдениет үйі мен 2 кітапхана тұрғындар игілігіне берілді. Бұдан бөлек, республикалық байқауға ауданнан 4 өнер ұжымы «Халық атағына» ұсынылды. Нәтижесінде, «Ақсу» фольклорлық, «Ақсу әуендері» вокалды-аспаптық және «Ақкербез» би ансамбльдері халықтық ансамбль атағына ие болды.

Сонымен қатар, осы жылы мәдениет саласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында біршама ірі көлемдегі театрлық қойылымдар мен іс- шаралар өтті. Алдағы уақытта тағы бір маңызды жобалардың бірі «Сырлы саз» керуені бастау алмақ.

Жобаның мақсаты — аудандағы 30 мәдениет ошағында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 іс- шара өткізу және ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандырып, ауылдағы дарынды жастардың өнерін насихаттау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *