
Халық санағы – маңызды науқан, бұл тек қана халықтың санын білу ғана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік, демографиялық, экономикалық жағдайын білу. Халықтың көшіп-қонуын, сондай-ақ барлық баламасыз деректерді алатын деректер көзі болып табылады. Халық санағы – халықтың, ұлттың жалпы келбетін көрсетеді.
Халық санағын мемлекетіміздің алдағы 10 жылдық жоспары деп айта аламыз, себебі халықтың әлеуметтік, демографиялық, экономикалық,мәдени, рухани жағдайын білу арқылы барлық сала бойынша жоспарлар құрылады, бюджет бекітіледі. Халық санағынан біз ешқандай сауалнамада ала алмаған деректерді, мысалы, халықтың отбасылық және тұрғын– үй жағдайы жөніндегі деректерге қол жеткіземіз. Санақтың сапалы болуы үшін еліміздің әрбір азаматы бұл науқанға жауапкершілікпен қарағаны жөн.
Биылғы санақтың ерекшілігі – тұрғындар туралы деректерді жинау 2 жолмен жүргізіледі:
Біріншісі – sanag.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу.
Екіншісі – қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі түрде аралау. Бұл онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.
Халық санағына қатысқан әрбір азамат мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге салмақты үлес қосады. Аудынымыздың тұрғындары үшін барлық ауылдық округ әкімшілігінде санақ учаскелері ашылған.
Б.Нұршайықова, аудандық статистика басқармасының басшысы.