ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА АЛДЫ

Грекия мемлекеті Салоники қаласында өткен әлем чемпионатында Гүлзира Құдасбек 59 келі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Бес күнге созылған байрақты бәсекеде
10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып, қазақстандықтар соның алтауында медаль жеңіп алды. Ал, жалпыкомандалық есепте жастар құрамасы ұлдар мен қыздар арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші орынды алды.
Бүгін чемпионға қала әкімінің орынбасары Алия Шалхарова қабылдап, шаһар басшысының алғыс хатын тапсырды. Сонымен бірге спортта жеңісті сәттер тілеп, әлі талай жарыстарда ел абыройын асқақтатуға тілектестігін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *