
Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бәйдібек ата елді мекені тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген азаматтар Бәйдібек ата елді мекенінен спорт зал салу, көпір, ауыз су, медицина салалары бойынша бірқатар сауалдарын айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы қойған сұрақтарына заң аясында жауаптарын берді. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындалуға тиісті бірқатар мәселелерді анықтау үшін сала тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі