АРАЙЛЫ АҚТӨБЕДЕН КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА

 

Осындай тақырыппен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, күллі түркі жұртының  қарашаңырағы атанған Түркістанда Ақтөбе топырағынан түлеген ақын жазушылар мен тарихи тұлғалардың шығармалары мен жүрген жолын насихаттау  мақсатында  рухани керуен көші келіп жетті.

 

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасына  тоқтаған Ақтөбе облысының рухани көшімен кездесуге түркістандық зиялы қауым өкілдері мен кітапсүйер оқырмандар қатысты.

 

Рухани кешті  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талғат Тілеулесов жүргізді. Кешке сән берген арнайы Ақтөбеден келген қонақтар:

 

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Алтынай Юнисова,  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры  Құралай Райымбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор, едігетанушы-ғалым  Жұманазар Асан, Ақтөбе телеарнасының директоры, жазушы,  Мирас Мұқаш

 

Ақтөбе облыстық “Рухани жаңғыру” б орталығының басшысы Нұрлыхан Хасенов, Ақтөбе облыстық Халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова, Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармония директоры  Елубай Кенжалиев, ақын, Ақтөбе телеарнасының журналисі  Лаура Телманқызы, жыршы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы  Жеңі Елемесов,облыстық Ақтөбе газетінің тілшісі  Ақерке Сатыбалдылар болды. Рухани керуенмен келген қонақтар өздерінің арнау, жыр-толғауларын айтып, ыстық лебіздерін білдірді.

 

Түркістан қаласындағы ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының төрағасы, тыл ардагері,  Өтепберген Қуанышбаев пен Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы  Ұлжан Әбенқызы және журналист, профессор-ғалым, белгілі композитор  Бекжігіт Сердәлі де өздерінің ыстық лебіздерімен  Ақтөбеден келген қонақтарды құшақ жая қарсы алатындарын білдірді. Рухани кереуен жарасымды жалғасын тауып келесі де түркістандық зиялы қауым өкілдері де  Ақтөбеге арнайы сый-сияпатымен баратынын жеткізді.

 

Рухани кездесуде  «Кітап сыйлау рәсімі» өтті. Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Құралай  Райымбаева  сөз сөйлеп,  Түркістан халқының қонақжайлығына алғысын білдіре отырып, Түркістан облысы әмбебап ғылыми «Фараб» кітапханасының директоры  Жанат Шардарбековаға   Ақтөбеден  арнайы «Фараб» әмбебап кітапханасына  тарту ретінде 50 томдық кітапты және «Ер-Едіге» жырының жаңаша форматтағы  аудио-нұсқасын  сыйға тартты.

Кеш соңы әсем ән мен күмбірлеген күйге кезек беріліп жырдан шашу шашылды.

Динара БЕКТАС, Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *