ШЫМКЕНТ: «ТӘУЕЛСІЗДІК-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-басты құндылық» байқауының баспасөз брифингі өтті.
Байқаудың брифингіне жоба кординаторы САБИРА БАЙЗАХОВА, Әділ-қазы, сала маманы, журналист, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі ЗАУРЕ ОРАЛБАЕВА, Әділ-қазы, сала маманы, «Jaidarman Production» студиясының видеооператоры, видеомонтажері және бірнеше бейнефильмдердің директоры мен әкімгері МҰХИТ ҚАРСАҚБАЕВ, Әділ-қазы, сала маманы, актриса, блогер-вайнер АҚЕРКЕ АРЫС қатысты.
«Тәуелсіздік-басты құндылық» байқауының мақсаты:
-жастар арасында патриоттық сезімді көтеру;
-жастар мен жастар ұйымдары, жұмысына идеологиялық серпін беру;
-вайнерлер мен блогерлерді мемлекеттік саясатты өз тілдерінде халыққа түсінікті етіп жеткізуге ықпал ету;
-жастарды сауатты медиамәдениетке үйрету;
-ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойын атап өту.
Тәуелсіздік-басты құндылық» байқауы 3 бағыттағы номинациялар бойынша өтеді:
«ҮЗДІК ВАЙН» номинациясы: Бас жүлде,1-орын,2-орын, 3-орын.
«ҮЗДІК ПОСТ» номинациясы: Бас жүлде,1-орын,2-орын, 3-орын.
«ҮЗДІК РОЛИК» номинациясы: Бас жүлде,1-орын,2-орын, 3-орын.
2021 жылдың 23-қараша мен 8-желтоқсан аралығында жұмыстар мен өтінімдерді жинау мақсатында ###Тәуелсіздікке30жыл… хэштегін пайдалана отырып 100 000 оқырманнан кем болмайтын әлеуметтік желілерде (Facebook Instagramm Tiktok Youtube) арқылы байқау қатысушылары өз жұмыстарын жарнамалап, сілтемесін астында көрсетілген нөмірге жіберуі керек.
Тел: 8-702-509-00-43 Сабира Байзахова
2021 жылдың 9- желтоқсаны комиссия отырысы өтеді.
2021 жылдың 10-желтоқсанында жеңімпаздарды марапаттау.
«Тәуелсіздік-басты құндылық» байқаудың жүлде қоры
БАС ЖҮЛДЕ Теледидар
І-орын Ноутбук,
ІІ-орын Ұялы телефон,
ІІІ-орын Power Bank

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *