
Бүгін елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби берекесі. 2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 28 қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып бекітілген болатын.
Сала қызметкерлері әрдайым азаматтардың қайғылары мен қиындықтарын еш жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлерін салатын мамандық иелері.
Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 10 мекеме бар. Онда 1200-ге жуық әлеуметтік қызметкер күнделікті 2 176 мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттарға, 438 ерекше қорғалған балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен мамандар қашанда құрметке лайық.
Көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және өзге де өмірдің қиындығына тап болған адамдар сала қызметкерлерінің мейірімділік пен қайырымдылық, төзімділік және әрдайым қол ұшын беруге дайын елгезектік сияқты адами қасиеттеріңінің арқасында өз мүмкіндіктеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп келеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі