КЕЛЕС АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫН ЖАҢАЛАУДА ОЗАТ АТАНДЫ

Түркістанда ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында ауыл шаруашылығының сан түрлі салаларында үздік атанған еңбекші қауым өкілдері мен үздік аудан басшылары марапатталды. Солардың қатарында Келес ауданы – ауылшаруашылығы техникаларын жаңалауда озат атанды. Сөзімізге дәйек ағымдағы жылдың 10 айында Келес ауданында 67 дана ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылып, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырған 110 пайызға артты.

Салтанаты іс-шарада «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев 25 ең озат агроқұрылым өкілдерін марапаттады. Олардың қатарында Келес ауданында орналасқан «Жұмабай» шаруа қожалығының төрағасы Жұмабай Маханов та бар. «Жұмабай» шаруа қожалығы 4 гектар аумаққа жылына ашық алқаптан 2-3 өнім алу жобасын қолданып, мол өнім алуда. Шаруа алғашқы егіске қырыққабат өнімін егіп, 160 тоннадан астам өнім жинаған. Екінші өнімге болгар бұрышын егіп 157 тонна өнім алса, үшінші егіске күзгі қырыққабат өнімін егіп гектарына 460 центнерден жалпы көлемі 184 тонна өнім өндірді. Бұл көрсеткіш облыста үздік атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *