ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» деді.
Осыған орай, бұқаралық спортты дамыту, оны насихаттау мақсатында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындар үшін арнайы жаттығу сағаттарын ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Бүгін қала аумағында «Отырар», «Самал» мөлтекаудандарының аулаларында және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ спорт залында жаттығу сағаттары өтті. Шараға 200-ге жуық қала тұрғыны қатысты.
Шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстың тұрақты, жүйелі түрде өтуі қажеттігін ескертіп, барлық сектор тұрғындарына таңғы жаттығуға қатысу мүмкіндігін жасауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *