ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК АРЕНАДА БЕЙБІТШІЛ ЕЛ РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ

Тұңғыш Президентіміз Қазақстанды әлемдік аренада бейбітшіл ел ретінде танытты. Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы белсенді қызметінің бастамасы ретінде Семей ядролық полигоны жабылды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Азиялық қауіпсіздік ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Тарихта алғаш рет Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Ел тірегі — Елбасы» атты мерекелік шарада сөйлеген сөзінен үзінді.

«Өздеріңіз білесіздер, 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың 98,7 пайыздық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті мандатын иеленді.Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіз ел болу үміті қайта жанды. Шешуші сәтте ел тізгінін алған Нұрсұлтан Әбішұлы, осыдан 30 жыл бұрын кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді – табысқа айналдырды. Осылайша қазақ халқы мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялап, асқақ арманға қол жеткізді. Мемлекеттік Туымыз тұғырға қонды, Елтаңба мен Гимн – мақтанышымыз болып бекіді. Ұлттық валюта – теңге экономикалық қорымызды қалыптастырды. Конституциямыз қабылданып, мемлекеттік құрылымның негіздері айқындалды. Ең бастысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел тарихында алғаш рет заң жүзінде рәсімделген және әлем мойындаған 13 400 шақырымдық мемлекеттік шекараны бекітті. Ел шебін қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау үшін Қазақстанның Қарулы Күштерін құрды»,-деді қала әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *