
Түркістан қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету кешенді оқу-жаттығуы өтуде.
Кешенді оқу-жаттығу 2-3 желтоқсан аралығында ұйымдастырылуда.
Шарада төтенше жағдайдың алдын алуда басқару органдарының, құтқару командаларының жедел әрекетін пысықтау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Түркістан қаласы 6 балдық сейсмикалық аймаққа жатады. Осыған орай, жер сілкінісі қауіпі туындағанда және орын алған жағдайда атқарылатын іс-шаралар практикалық түрде өткізілмек.
Атап айтқанда — қалалық хабарландыру құрылғылары іске қосылады, халықты төтенше жағдай кезінде қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, темір жолда химиялық қауіпті зат төгілгенде оны жою әрекеттері жасалады.
Сонымен қатар, халыққа противогаз тарату, ірі өртті сөндіру, су басу қауіпін алдын алу, жедел ден қою жасағын дайындыққа келтіріп көрсету жаттығулары өтеді.