Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков жаттығу залына оралды. Ол кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады.
Өткен жылдың желтоқсан айында сегіз бұрышқа оралып, Қырғызтандық Қаныбек Жәнібекұлын техникалық нокаутпен жеңген отандасымыз алдағы екі-үш айдың бедерінде октагонға шығады. Оны жанкүйерлері «Қазақстандық Макгрегор» деп атап кеткендігі белгілі.