«БАБА ДОМБЫРА» ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫ НАЗАРЫНДА
Біздің заманымыздың төртінші ғасырына тиесілі «Баба домбыра» әлем ғалымдары назарын аударуда.
Әлемдегі ең көне музыкалық аспаптардың бірі — қос мойынды «Қоссаз» домбыра Ресейдегі Шығыс мұражайы қорында сақталған. Көшірмесі Қызылорда облыстық музейіне орналастырылған.
Елімізге белгілі археолог Әзілхан Тәжікеев зерттеген домбыра өткен ғасырдың 70- жылдары Хорезм экспедициясында қорында болған.
Тарихы 3 ғасырдан ерте аспапты зерттеуге норвегиялық ғалымдар қызыққан. Одан бөлек, Израиль және Англияның газет-журналдарында домбыра туралы зерттеулер жарияланған. Зерттеулерге сәйкес, Бабадомбыра Англиядағы Саттон-Ху обалы қорымынан табылған лира аспабынан да бірнеше жүздеген жылдарға ерте екендігі нақтыланған.
Аймақ ақпарат
