«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіруде. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың мұқтаж әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға көмек көрсетеді.

2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 млн теңге түсті. 75 заңды тұлғадан және ірі кәсіпкерлерден 19,2 млрд теңге түсті.
«Қазақстан халқына» қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:
«Kaspi Bank» АҚ – 7 млрд теңге;
«Kaspi Магазин» ЖШС – 3 млрд теңге;
Halyk Bank («Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) – 3 млрд теңге;
«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ –
2 млрд тенге;
«YDD Corporation» ЖШС, «Asia FerroAlloys» ЖШС және олардың акционерлері – 1 млрд теңге;
-«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ – 500 млн теңге;
«LANCASTER GROUP KAZAKHSTAN» АҚ – 500 млн теңге;
«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ – 500 млн теңге;
Абулгазин Данияр Рустэмович – 500 млн теңге;
«BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС –
400 млн теңге;
«Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС – 350 млн теңге;
Султангазин Алмас Умирзакович – 200 млн теңге;
«Каратас Майнинг» ЖШС – 100 млн теңгені құрайды.