Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында Словениямен тең түсті, деп хабарлайды prosports.kz.
Нидерланды елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатында футзалдан Қазақстан құрамасы Словениямен тең түсті.
Чемпионаттағы алғашқы ойыны Словениямен қарсыласқан Қазақстан құрамасы екінші тайм соңында 4:2 есебімен жеңіліп тұрып, ойын барысында теңесті.
Енді төрт күннен соң спортшыларымыз Финляндия құрамасымен бақ сынасады. Одан кейін, 28 қаңтарда екі дүркін Еуропа чемпионы Италиямен ойнайды.
Ақпарат үшін:
Қазақстан — Словения 4:4 (1:1)
Голы: Тотошкович 11 (0:1), Дуглас 16 (1:1), Фидершек 23 (1:2), Оразов 25 (2:2), Чех 31 (2:3), Турк 33 (2:4), Токаев 35 (3:4), Дуглас 39 (4:4)
Алаңнан қуылды: Акбаликов 12.
Аймақ ақпарат
