АҚШ-та тікелей эфирде сөйлеп тұрған репортерді көлік қағып кетті

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында тікелей эфирде сөйлеп тұрған журналистті көлік қағып кетті. Оқиғаны болған жерден видеоға түсіріп, әріптесі Ли Кей Говард Twitter парақшасында жариялаған, деп хабарлайды aimak.com.kz.

Видеожазбадан тікелей эфирде сөйлеп тұрған WSAZ телеарнасының репортері Тори Йоргиді көліктің қалай соғып кеткендігін көруге болады. Көліктің қаққанына қарамастан, журналист араға бірнеше секундтар салып кадрға қайта шығып, тікелей эфирін жалғастыра береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *