ОТЫРАРЛЫҚ ДИҚАН БОЛГАР БҰРЫШЫН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Қарақоңыр ауылының еңбекқор диқандары көктемгі дала жұмыстарына ерте бастан қам жасап, аязды ақпан айында жылыжай салу ісін қолға алуда. Өз несібесін жерден тауып жүрген жандардың бірі жергілікті «РПК Жанұя» ЖШС-нің төрағасы Кенжебеков Рамазан 3 га аумаққа жылы жай кешенінің құрылысын жүргізіп, баубақша көкөністерін егу ісін бастап кеткен. Қазірдің өзінде шаруашылық иесі жылыжайдың 1 га аумағына болгар бұрышының көшеттерін отырғызған. Диқан алдағы уақытта 3 гектар жерді толық игеруді жоспарлап отыр.
Жалпы болгар бұрышы күнделікті тұрмысқа өте қажетті өнімдердің бірі. Құрамында дәрумендер өте көп. Бұрыштың 30 граммы осы дәруменіндегі күнделікті қажеттілікті қанағаттандырады екен. Бір ғажабы болгар бұрышындағы пайдалы қасиеттер оны пісіргеннен кейін де сақталады. Сондықтан да бұл көкөніс нарықта үлкен сұранысқа ие.
Аталған жұмыстардың барысымен танысып қайтқан аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай: «Міне, егіншілікті әртараптандырудың арқасын­да диқандарымыз бұрын соңды екпеген көкөністің осындай түрлеріне бет бұра бастады. Диқандарымыз осылайша отандық нарықты көкөністермен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бұл дұрыс бастама. Алдағы уақытта да мұндай тың жобаларға аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетуге дайынбыз» деді.
Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары диқанның жұмысына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *