Армения Президенті Армен Саркисян өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдеді.
«Мен ұзақ ойландым, төрт жыл белсенді жұмыс істегеннен кейін Армения президенті лауазымынан кетуге шешім қабылдадым. Бұл эмоциялық шешім емес және ол белгілі бір логикалық шешімнің нәтижесі», — дейді Армения мемлекетінің басшысы Армен Саркисян өз мәлімдемесінде.