АҚТӨБЕДЕ УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

Ақтөбеде медициналық университеттің жатақханасы таңғы сағат 9:00 шамасында өртке оранған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жүздеген студентті эвакуациялаған.  Жатақхананың кезекті қарауылшысы  өрт сөндірушілерді шақырып, студенттерге ескерткен. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы арнаулы көлігі санаулы минуттарда келіп, жалынды сөндіруге кіріскен.

— Өрт оқшауланып сөндірілді. Өртке қатысқан 11 техника мен 46 адам. Бұл жатақханада 285 адам тұратын болса оның 190-ы эвакуацияланып, 90-ы құтқарылды. Оларға арнап біз өзіміздің автобус техниканы әкеліп, жылыту пункттарын ұйымдастырып жатыр. Қазіргі кезде әр бөлмені қарап қандай шығын келгені анықталуда. Бұл жатақханада негізінен шетелдік жастар тұрады. Дені Үндістаннан келген. Жалын шыққан сәтте 90-ға жуығы сабақта болса, қалғаны өрт шарпыған ғимарат ішінде болыпты. Өз бетімен сыртқа шыға алмағандарын құтқарушылар терезеден эвакуациялады, деді , облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев.

— Мен өрт шыққан сәтте ұйықтап жаттым. Комендант оятып жіберді. Жалын 3-қабатта басталған. Менің бөлмем екінші қабатта болғасын сыртқа өзіміз шықтық. Жоғарғы қабаттарда қалып қойған достарым болды. Оларды өрт сөндірушілер алып шықты.  Студенттердің айтуынша, өрт асхана бөлмесінде тұтанған. Бірі тоңазытқыштың кесірінен десе, басқалары ұялы телефон сияқты электр құрылғыларының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деп топшылап отыр. Нақты себебі тиісті тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады. Ал қытымыр аязда баспанасыз қалған білім алушылар медициналық университеттің өзге жатақханасына көшірілетін болды, деді Бабу Хан есімді студент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *