IMANBEK ҮШ ЕЛДІҢ МУЗЫКАНТТАРЫМЕН БІРГЕ ФИТ ШЫҒАРАДЫ

Әзірге оның қашан шығатыны белгісіз, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов өзінің Instagram парақшасында жаңа трек жариялады. — @wizkhalifa, @kddkrap, @kiddomusic-пен фит жазғаным жақсы болар еді, – деп әзілдеді саунд-продюсер. Жаңа тректің тыңдарманға жол тартуы үшін Иманбекпен қатар американдық рэпер Wiz Khalifa, швед әншісі Kiddo және ресейлік хип-хоп әртісі, продюсер KDDK жұмыс істеп жатыр. Әнші Kiddo да өзінің Instagram парақшасында жаңа фит туралы айтты. — Бұл әріптестіктің бір бөлігі болу өте қуанышты жайт, – деді орындаушы. Ол музыканың бір бөлігін 2013 жылы «Евровидениеде» өнер көрсеткен Швед музыканты Робин Шернбергпен бірге жазғанын айтты. Жаңа жұмыс «Ordinary world» деп аталуы мүмкін.

24.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *