АНТАЛИЯҒА 29 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Түркияның қос қаласы – Анталияға 29, Мармариске 13 жылдан кейін алғаш рет қар түсті. Қолайсыз ауа райы тұрғындар мен жолаушыларды әбігерге салды, деп хабарлайды aimak.com.kz.

Әсіресе Ыстамбұлда жағдай ушығып кеткен көрінеді. Қалың жауған қардың салдарынан кешелі бері жүргізушілер жолда түнеп, мегаполиске бет алған ұшақтардың дені көрші провинцияларға қонды. Салдарынан Ақтеңіз жағалауын бір-бірімен байланыстыратын жол жабылып, қозғалыс түгелдей тоқтап қалды.

Синоптиктердің болжамынша, қардың қалыңдығы алдағы күндерде 2-20 сантиметр аралығында болмақ. Ал Ыстамбұлда тұрғындар көліктерін қар құрсауынан шығара алмай әлек. Кешелі бері үйлеріне жете алмай жүргендер бар. Осыған байланысты қала губернаторлығы жеке машиналардың тысқа шығуына шектеу қойды. Мегаполисте қауіпсіздік, денсаулық және тасымал қызметкерлерінен басқа барлық жұмысшылар бүгін демалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *