ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ?

ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ?

Қазақстан қысқы олимпиада ойындарының жетеуіне қатысып, сегіз медаль иеленген екен. Олар бір алтын, 3 күміс, 4 қола.

Тарихта ең аз 1994 жылғы қысқы олимпиада ойынында ел атынан 29 спортшы қатысқан.Дегенмен, сол жылғы жарыс біз үшін қысқы олимпиада орындарындағы ең жемістісі болды. Үш медаль иеленіп, командалық есепте 12-ші орынға жайғасқан болатынбыз.
Сол жылғы Олимпиадада Владимир Смирнов Қазақстанның қысқы спорт тарихына ең алғашқы алтынды сыйлады.

Төрт жылдан соң, Смирнов ізге түсу жартысында қола алды. Одан бөлек, Наганода конькимен 5000 метрге жүгіру спортынан жалғыз қола  Людмила Прокашеваға бұйырған еді.

Ал, 2002 және 2006 жылдарғы қысқы ойындардан спортшыларымыз жүлдесіз қайтты.

2010 жылы Ванкуверде биатлоншы Елена Хрусталева жекелей жарыста күміс еншіледі.

Одан кейін, Сочиде Денис Тен қола сыйласа, 2018 жылы Юлия Галышева  Пхенчан Олимпиадасында  қола иеленді.

Айта кетерлігі, биылғы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 34 спортшы қорғайды.

Ақпарат prosports.kz сайтынан жиналды

Аймақ ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *