Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі өтеді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттер-парақшасында жазды. «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавирусқа байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді» делінген жазбада.