Қазақстанда өткен тәулікте 7491 адамда коронавирус індетімен ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 1194, Алматы қаласы — 1556, Шымкент қаласы — 26, Ақмола облысы — 715, Ақтөбе облысы — 78, Алматы облысы — 305, Атырау облысы — 168, Шығыс Қазақстан облысы — 189, Жамбыл облысы — 103, Батыс Қазақстан облысы — 263, Қарағанды облысы — 954, Қостанай облысы — 586, Қызылорда облысы — 55, Маңғыстау облысы — 53, Павлодар облысы — 880, Солтүстік Қазақстан облысы — 341, Түркістан облысы — 25. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1233488.