АҚТАУДА ШЕТЕЛГЕ ДОЛЛАР АЛЫП КЕТПЕК БОЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Ақтау әуежайында Қазақстан азаматы декларацияланбаған валютамен ұсталды. Бұл туралы «Лада» басылымына Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды aimak.com.kz.

Қазақстандық азамат Ақтаудан Грузияға декларацияланбаған 15 мыңнан аса долларды заңсыз алып кетпек болған. Ер адам қамауға алынды. Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылған.

«Мән-жайды анықтау барысында ұсталған азамат Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. 15 650 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған валютаны әкету әрекеті анықталды», — деді Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *