Бейжіңдегі медиаорталықта қысқы Олимпиада ойындарына келген тілшілер үшін арнайы роботтар қызмет етеді.
Асханада кез келген асты роботтар дайындап, кейін өздері жеткізіп береді. Қызметтің бұл түрі аймақта коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қолға алынған. Ұйымдастырушылардың жоғарғы дайындығы көпшілікті таңқалдыруда.