2019 жылғы «АҚШ аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы Чесли Крист Нью-Йорктің орталығындағы үйінде өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды aimak.com.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Кристтің денесі жексенбі күні таңертең табылған. Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. АҚШ аруы қайтар алдында хат жазып қалдырған, онда ол өзінің барлық мүлкін анасына тапсыруды өтінген. Джексон қаласының (Мичиган штаты) тумасы, 30 жастағы Кристтің мамандығы заңгер болған, алайда «АҚШ аруы» атағын алғаннан кейін «Экстра» ойын-сауық телебағдарламасының тілшісі болып жұмыс істеген.