БЕЙЖІҢ-2022: БҮГІН АЛҒАШҚЫ ІРІКТЕУ СЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

Бүгін, яғни 2-ақпан күні Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады.

Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4-ақпанға жоспарланған. Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады. Ал 3-ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады.

Естеріңізге сала кетсек, фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің байрағын биыл алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шығады. Оның бірі — шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі — конькиші Екатерина Айдова. Екі спортшымыз да — құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *